Модерм в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению модерма в мази, описание действия препарата, показания к применению мази модерма, взаимодействие с другими лекарствами, применение модерма (мазь) при беременности. Инструкции: Модерм в креме;
Торговое название: Модерм
Международное название: Мометазон
Лекарственная форма:
Мазь 0,1%
Показания к применению:
Атс классификация:
D Дерматологические средства
D07 Кортикостероиды для применения в дерматологии
D07A Простые препараты кортикостероидов
D07A C Активные кортикостероиды (группа iii)
Фарм. группа:
Глюкокортикостероиды для местного лечения заболеваний кожи. Глюкокортикостероиды. Глюкокортикостероиды активные (группа III). Мометазон. Код АТХ D07АC13
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25 °C. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Не следует применять препарат после окончания срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Мазь белого или почти белого цвета

Состав модерма в мази

100 г мази содержат
100 г жақпамайдың құрамында

Активное вещество модерма

мометазона фуроата в пересчете на 100 % вещество 0,1 г
100% затқа шаққанда 0,1 г мометазон фуроаты бар

Вспомогательные вещества в модерме

гексиленгликоль, пропиленгликоль моно-пальмитостеарат, воск белый, кислота фосфорная разведенная, парафин белый мягкий (вазелин), вода очищенная
гексиленгликоль, пропиленгликоль моно-пальмитостеараты, ақ балауыз, сұйылтылған фосфор қышқылы, ақ жұмсақ парафин (вазелин), тазартылған су

Показания к применению мази модерма

Воспалительные явления и зуд при дерматозах, поддающихся терапии глюкокортикостероидами, в том числе псориаз (кроме распространенного бляшкового псориаза) и атопический дерматит, у взрослых и детей в возрасте от 2-х лет.
Ересектерде және 2 жастан асқан балаларда, дерматоздар кезінде глюкокортикостероидтармен емдеуге болатын қабыну құбылыстарында және қышынуларда, соның ішінде псориазда (денеге жайылған түйіндақтық псориаздан басқасында) және атопиялық дерматитте.

Противопоказания модерма в мази

  • признаки повышенной чувствительности к какому-либо из компонентов или к другим кортикостероидам
  • розацеа
  • акне вульгарис
  • атрофия кожи
  • периоральный дерматит
  • перианальный и генитальный зуд
  • подгузниковая сыпь
  • бактериальные (импетиго, пиодермит), вирусные (герпес простой, герпес опоясывающий и ветряная оспа, простые бородавки, острые кондиломы, контагиозный моллюск), паразитарные и грибковые (кандида или дерматофит) инфекции
  • туберкулез
  • сифилис или поствакцинальные реакции
  • детский возраст до 2-х лет
Модерм не следует применять на ранах или на покрытой язвами коже.
  • компоненттердің қандай да болсын біреуіне немесе басқа кортикостероидтарға жоғары сезімталдық белгілері
  • розацеа
  • акне вульгарис
  • тері атрофиясы
  • периоральді дерматит
  • перианальді және генитальді қышыну
  • жаялық бөртпесі
  • бактериялық (импетиго, пиодермит), вирустық (қарапайым ұшық, белдеулі герпес және желшешек, қарапайым сүйелдер, сүйір кондиломалар, контагиозды моллюск), паразиттік және зеңдік (кандида немесе дерматофит) жұқпалар
  • туберкулез
  • мерез немесе вакцинациядан кейінгі реакциялар
  • 2 жасқа дейінгі балалар
Модермді терідегі ашық жараларға немесе жабық ойық жараларға қолданбаған жөн.

Побочные действия мази модерма

Редко
  • ощущение жжения, парестезии
  • фолликулит, фурункулы
  • раздражение и сухость кожи, гипертрихоз, угревая сыпь, мацерация кожи, гипопигментация, дерматит, периоральный дерматит, усиление проявлений аллергии
  • контактный дерматит, увеличение площади поражения, эритема, телеангиэктазии, папулезные, пустулезные высыпания, чувство покалывания, вторичная инфекция, стрии и потница
Очень редко
  • боль в месте нанесения, жжение, зуд, атрофия кожи, появление розовых угрей
Вероятность возникновения перечисленных нежелательных явлений увеличивается при применении окклюзионных повязок.
Сирек
  • күйдіріп ашу сезімі, парестезиялар
  • фолликулит, сыздауықтар
  • терінің тітіркенуі және құрғақтығы, гипертрихоз, безеу бөртпе, тері мацерациясы, гипопигментация, дерматит, периоральді дерматит, аллергия біліністерінің күшеюі
  • жанаспалы дерматит, зақымданған ауданның ұлғаюы, эритема, телеангиэктазиялар, папулезді, пустулезді бөртпелер, шаншу сезімі, салдарлық жұқпа, жолақтар және тербөртпе
Өте сирек
  • жағылған жердің ауыруы, күйдіріп ашуы, қышуы, тері атрофиясы, қызғылт безеулердің пайда болуы
Аталған жағымсыз құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі окклюзиялық таңғыштарды қолданған кезде артады.

Особые указания к применению

Модерм, мазь для наружного применения 0,1 % не предназначена для применения в офтальмологии. Нельзя допускать попадания препарата в глаза.

В результате системной абсорбции при местном применении различных кортикостероидов может возникнуть обратимое подавление функции гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы, а также симптомы глюкокортикостероидной недостаточности после отмены препарата. Могут также развиться синдром Кушинга, гипергликемия и глюкозурия.

Больные, применяющие глюкокортикостероиды для местного применения для лечения больших участков кожи или с применением окклюзионных повязок, должны периодически проходить проверку на наличие признаков подавления функции гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы. Такую проверку можно выполнить путем проведения теста с АКТГ-стимуляцией, измерения утреннего содержания кортизола в плазме крови и в других средах, кроме мочи. У детей или на лице окклюзия не должна применяться. Следует избегать попадания крема на слизистые оболочки.

Иногда могут появиться признаки и симптомы глюкокортикостероидной недостаточности, что требует дополнительного применения глюкокортикостероидов системного действия. Если это не предписано врачом, препарат не следует наносить на лицо, а также в области подмышечных и паховых складок.

При возникновении раздражения или сенсибилизации следует прекратить применение мази с мометазона фуроатом и назначить соответствующее лечение. Аллергический контактный дерматит при применении препарата обычно диагностируют по признаку неэффективности лечения, а не по клиническим симптомам обострения, как это делают при местном применении лекарственных средств, не содержащих глюкокортикостероиды. Такое наблюдение следует подкрепить путем проведения аппликационной кожной пробы.

В случае развития сопутствующей инфекции кожи следует применить соответствующее противогрибковое или антибактериальное средство. Если на протяжении короткого времени не удается достичь положительной динамики, применение мази Модерм следует прекратить до тех пор, пока инфекция не будет полностью устранена.

При внезапном прекращении длительного лечения может развиться эффект возврата симптомов в виде дерматита с интенсивным покраснением, раздражением и жжением. Предотвратить это может медленная отмена препарата, например лечение с перерывами, вплоть до полного прекращения. Глюкокортикоиды могут изменять признаки некоторых поражений и осложнять определение соответствующего диагноза, что также будет задерживать выздоровление.

Препарат содержит пропиленгликоль, который может вызвать раздражение кожи, а также цетостеариловый спирт, который может вызвать местные кожные реакции (например, контактный дерматит).

Если в течение 2 недель после начала терапии улучшение не происходит, необходимо уточнить диагноз.

Применение в педиатрии
Детям старше 2 лет препарат применять только по назначению врача. Безопасность применения мометазона у детей на протяжении более 6 недель не изучалась. У детей возможно более частое возникновение признаков угнетения гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы и синдрома Кушинга при применении каких-либо кортикостероидов местного действия, чем у взрослых, что связано с большей абсорбцией препарата из-за большего соотношения площади поверхности кожи к массе тела. В связи с этим применение местных кортикостероидов детям следует ограничить минимально эффективным количеством препарата. Курс лечения не должен превышать 5 дней. Длительная кортикостероидная терапия может вызвать нарушение роста и развития детей. Модерм не следует применять для лечения дерматита, вызванного ношением подгузников. Мазь не следует применять под окклюзионные повязки, если только это не назначено врачем, а также наносить на участки, охваченные подгузниками или непромокаемыми трусами, поскольку в таком случае мазь будет находиться под окклюзионной повязкой.

Беременность и период лактации
Во время беременности или кормления грудью лечение препаратом следует проводить только по назначению врача. Однако и в этом случае необходимо избегать применения мази на больших участках кожи или в течение длительного периода. Убедительных доказательств безопасности препарата для женщины во время беременности нет. Как и с другими глюкокортикостероидами местного применения, Модерм следует назначать беременным женщинам только в том случае, если потенциальная польза от применения для матери превышает потенциальный риск для плода. Неизвестно, может ли местное применение кортикостероидов вызывать значительную системную абсорбцию, чтобы образовалось количество препарата, которое может быть выявлено в грудном молоке. Модерм следует применять в период кормления грудью только после тщательного анализа соотношения пользы и риска. Если назначается лечение большими дозами или применение на протяжении длительного периода, кормление грудью необходимо прекратить.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Не влияет.
Модерм, сыртқа қолдануға арналған 0,1% жақпамай, офтальмологияда қолдануға арналмаған. Препаратты көзге тигізіп алуға болмайды. Әртүрлі кортикостероидтарды жергілікті қолданғанда жүйелік сіңуінің нәтижесінде гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесінің қызметі, сондай-ақ препаратты тоқтатқаннан кейін глюкокортикостероидтың жеткіліксіздігі симптомдары қайтымды түрде төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар Кушинг синдромы, гипергликемия және глюкозурия да пайда болуы мүмкін.

Жергілікті қолданылатын глюкокортикостероидтарды терінің үлкен аумақтарын емдеу үшін немесе оны окклюзиялық таңғыштармен қолданып жүрген науқастар гипоталамды-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесі қызметінің бәсеңдеу белгілерінің бар-жоқтығын анықтау үшін мезгіл-мезгіл тексерілуден өтуі тиіс.

Мұндай тексерілуді АКТГ-стимуляциясымен, қан плазмасындағы және, несептен басқа, өзге орталардағы кортизолдың таңертеңгі мөлшерін өлшеу тестісін жүргізу арқылы жасауға болады. Балаларға немесе бетке окклюзия қолданылмауы тиіс. Жақпамайдың шырышты қабықтарға тиіп кетуіне жол бермеу керек.

Кейде глюкокортикостероидтың жеткіліксіздігі белгілері және симптомдары пайда болуы мүмкін, бұл жүйелік әсер ететін глюкокортикостероидтарды қосымша қолдануды қажет етеді. Егер дәрігер тағайындамаса, препаратты бетке, сондай-ақ қолтық және шап қыртыстарына жақпаған жөн.

Тітіркену немесе сенсибилизация пайда болса, құрамында мометазон фуроаты бар жақпамайды қолдануды тоқтатқан және тиісті ем тағайындаған жөн. Препаратты қолданғанда аллергиялық жанама дерматит, құрамында глюкокортикостероидтары жоқ дәрілік заттарды жергілікті қолданғанда жасалатындай емес, әдетте емнің тиімсіздігі белгісі бойынша анықталады. Бұлай бақылауды аппликациялық тері сынамасын жүргізу арқылы нақтылаған жөн.

Терінің қатарласа жүретін жұқпалары пайда болған жағдайда зеңге қарсы немесе бактерияға қарсы тиісті дәрілерді қолдану керек. Егер қысқа уақыт ішінде оң динамикаға қол жеткізілмесе, Модерм жақпамайын қолдануды жұқпа толық жоғалғанша тоқтата тұрған жөн.

Ұзақ уақыт емдеуді күрт тоқтатқанда күшті қызаратын, тітіркенетін және күйдіріп ашитын дерматит түріндегі симптомдардың қайта оралу әсері пайда болуы мүмкін. Бұған препаратты баяу тоқтату, мысалы, толық тоқтатқанға дейін үзіліспен емдеу арқылы жол бермеуге болады. Глюкокортикоидтар кейбір зақымдардың белгілерін өзгертуі және тиісті диагнозды анықтауды қиындатуы мүмкін, бұл сондай-ақ сауығуды кідіртеді.

Препараттың құрамында теріні тітіркендіруі мүмкін пропиленгликоль, сондай-ақ терінің жергілікті реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыра алатын цетостеарил спирті бар. Егер емдеуді бастағаннан кейін 2 апта ішінде жақсару байқалмаса, диагнозды нақтылау қажет.

Педиатрияда қолданылуы
2 жастан асқан балаларға препаратты дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану керек. Мометазонды балаларға 6 аптадан астам бойы қолданудың қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Балаларда жергілікті әсер ететін қандай да бір кортикостероидтарды қолданғанда гипоталамды-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесінің бәсеңдеу және Кушинг синдромы белгілері ересектерге қарағанда өте жиі пайда болуы мүмкін, бұл тері беті ауданының дене салмағымен арақатынасы үлкен болғандықтан, препараттың сіңуінің көлемді болуымен байланысты. Осыған байланысты жергілікті кортикостероидтарды балаларға пайдалануды препараттың тиімді ең төмен мөлшерімен шектеген жөн. Емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс. Ұзаққа созылған кортикостероидтық ем баланың өсуін және дамуын нашарлатуы мүмкін. Модермді жаялықты қолданудан болған дерматитті емдеу үшін қолданбаған жөн. Жақпамайды, егер дәрігер тағайындамаса, окклюзиялық таңғыш астына қолданбаған, сондай-ақ жаялық жауып тұрған немесе ылғалданбайтын трусик киілген жерлерге жақпаған жөн, өйткені мұндай жағдайда жақпамай окклюзиялық таңғыш астында болады.

Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік немесе емшек емізу кезінде препаратпен емдеуді тек дәрігердің тағайындауымен ғана жүргізген жөн. Алайда мұндай жағдайда да жақпамайды терінің үлкен аумағына немесе ұзақ кезең бойы қолдануды тоқтата тұру қажет. Жүктілік кезінде әйелдер үшін препараттың қауіпсіздігіне сенімді дәлелдер жоқ. Жергілікті қолданылатын басқа да глюкокортикостероидтар сияқты, Модермді жүкті әйелдерге, егер ана үшін қолданудың потенциалды пайдасы ұрық үшін қауіптен басым болған жағдайда ғана, тағайындаған жөн. Кортикостероидтарды жергілікті қолдану препараттың емшек сүтінде байқалуы мүмкін мөлшері түзілетіндей елеулі түрде жүйелік сіңетіні-сіңбейтіні белгісіз. Модермді емшек емізу кезеңінде пайдасы мен қаупіне мұқият талдама жасағаннан кейін ғана қолданған жөн. Егер ем үлкен дозаларда немесе ұзақ уақыт бойы қолдануға тағайындалса, емшек емізуді тоқтату қажет.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ықпал етпейді.

Дозировка и способ применения

Тонкий слой мази Модерм наносить на пораженные участки кожи 1 раз в сутки. Длительность лечения определяется тяжестью, течением заболевания и определяется индивидуально. Использование местных глюкокортикостероидов детям и на лице необходимо ограничить минимальным количеством по сравнению с эффективными терапевтическими режимами, при этом длительность лечения не должна превышать 5 дней.
Модерм жақпамайын терінің зақымданған жеріне тәулігіне 1 рет жұқалап жағады. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, барысына қарай және әр адамға жекелей белгіленеді. Жергілікті глюкокортикостероидтарды балаларға және бетке пайдалануды тиімді емдік режимдермен салыстырғанда өте төмен мөлшермен шектеу қажет, мұндайда емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Взаимодействие с лекарствами

Взаимодействия с другими лекарственными препаратами до настоящего времени не описаны. По химическим свойствам мометазона фуроат не совместим со щелочами.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі күні бүгінге дейін мәлімделмеген. Химиялық қасиеттері бойынша мометазон фуроаты сілтілермен үйлеспейді.

Передозировка модермом в мази

Симптомы: чрезмерное или длительное применение местных кортикостероидов (КС) может привести к угнетению функции гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы, что может стать причиной развития вторичной недостаточности коры надпочечников. В случае угнетения гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковой системы следует увеличить интервал между нанесениями или применять КС с меньшей активностью, или отменить препарат.

Содержание стероида в каждом контейнере настолько мало, что при маловероятном случайном проглатывании препарата токсический эффект будет почти незаметен или отсутствовать.

Лечение: симптоматическое. Острые симптомы гиперкортицизма обычно обратимы. В случае необходимости показана коррекция электролитного дисбаланса. В случае длительного применения рекомендуется постепенная отмена кортикостероидов.
Симптомдары: жергілікті кортикостероидтарды (КС) шамадан тыс немесе ұзақ уақыт қолдану гипоталамды-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесі қызметінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін, ол бүйрек үсті безі қыртысы қызметінің салдарлық жеткіліксіздігінің пайда болуына себеп болады. Гипоталамды-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесі бәсеңдеген жағдайда жақпамайды жағу аралықтарын арттырған немесе белсенділігі төмен КС қолданған, немесе препаратты тоқтатқан жөн.

Әрбір контейнерде стероидтың аздығы соншалық – препаратты байқамай жұтып қойған жағдайда оның уытты әсері білінбейді немесе жоқ дерлік.

Емдеу: симптоматикалық. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары әдетте қайтымды. Қажет болған жағдайда электролиттік теңгерімнің бұзылуын түзету керек. Ұзақ уақыт қолданған жағдайда кортикостероидтарды біртіндеп тоқтату керек.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Степень проникновения кортикостероидов местного применения через кожу зависит от многих факторов, включая состав препарата и целостность эпидермального барьера. Через 8 часов после нанесения мази на неповрежденную кожу (без окклюзионной повязки) системная абсорбция составляет примерно 0,7%. Повреждение кожи, наличие воспалительного процесса и применение с окклюзионной повязкой, приводят к усилению проникновения препарата через кожу. Из-за того, что у детей величина соотношения площади поверхности и массы тела больше, чем у взрослых, у детей выявлена более высокая абсорбция препарата.
Жергілікті қолданылатын кортикостероидтардың тері арқылы өту дәрежесі, препараттың құрамын және эпидермальді бөгеттің тұтастығын қоса есептегенде, көптеген факторларға байланысты. Жақпамайды зақымданбаған теріге (окклюзиялық таңғышсыз) жаққаннан кейін 8 сағаттан соң жүйелік сіңуі шамамен 0,7% құрайды. Терінің зақымдануы, қабыну процесінің болуы және окклюзиялық таңғышпен бірге қолданылуы, препараттың тері арқылы енуінің күшеюіне әкеп соқтырады. Балаларда дене бетінің көлемі мен салмағының арақатынасы шамасының ересектерге қарағанда үлкен болуына байланысты, балаларда препараттың сіңуі бұдан да жоғары болатыны байқалды.

Фармакодинамика

Модерм мазь является синтетическим глюкокортикостероидом (ГКС), обладающим противовоспалительным, противозудным, антиэкссудативным и сосудосуживающим действием. ГКС индуцируют синтез белков, ингибирующих фосфолипазу А2 и известных под общим названием липокортины, которые контролируют биосинтез таких медиаторов воспаления, как простагландины и лейкотриены, путем торможения высвобождения их общего предшественника – арахидоновой кислоты.

Глюкокортикостероиды подавляют скопление и дальнейшую миграцию клеток в область повреждения, а также устраняют расширение и повышенную проницаемость сосудов в области повреждения, что снижает доступ клеток в участки повреждения тканей.

Дополнительно ГКС также могут предотвращать доступ сенсибилизированных Т-лимфоцитов и макрофагов в целевые клетки. Антипролиферативное действие снижает гиперплазию клеток при псориазе.
Модерм жақпамайы қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, антиэкссудативті және қантамырды тарылтқыш әсері бар синтетикалық глюкокортикостероид (ГКС) болып табылады. ГКС А2 фосфолипазаны тежейтін ақуыздардың синтезін және, жалпы ізашары – арахидон қышқылының босап шығуын тежеу арқылы простагландиндер мен лейкотриендер сияқты қабыну медиаторларының биосинтезін бақылайтын жалпы атаумен белгілі липокортиндерді индукциялайды.

Глюкокортикостероидтар зақымданған аймақтағы жасушалардың жинақталуын және әрі қарай миграциялануын бәсеңдетеді, сондай-ақ зақымданған аймақта қантамырлардың кеңеюін және жоғары өткізгіштігін тоқтатады, ол жасушалардың тіндердегі зақымданған жерлерге жеткізілуін төмендетеді.

Бұған қосымша, ГКС сондай-ақ сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер мен макрофагтардың мақсатты жасушаларға жеткізілуіне жол бермеуі мүмкін. Антипролиферативтік әсері псориазда жасушалардың гиперплазиясын төмендетеді.

Упаковка и форма выпуска

По 15 г в тубах алюминиевых. Каждую тубу вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Алюминий сықпаларда 15 г-нан. Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.